Таразда қыздар лицейінің жатақханасына кене қаптаған
Тараздағы «Білім инновация» қыздар лицейінің жатақханасында кене қаптаған. Қансорғышты оқушылардың өзі анықтап, әлеуметтік желіге жариялапты. Тек бұл деректі мекеме басшылығы жоққа шығарғысы келгенімен, онда дезинфекция жүріп жатыр.
Автор: Руслан Әбдіхалық
19.05.2023
Түсірілім авторы жыбырлаған жәндіктің кене екенін және оның жатақхана бөлмесінде өріп жүргенін айтады. Видео желіге тарап, қызу талқыға түсіп жатыр. Ал оқу ордасының басшылығы бәрін жоққа шығарып әлек. Бірақ дәл қазір оқу ордасының бір жатақханасы жабылып, ішінде залалсыздардыру жүргізіліп жатыр. Шәкірттердің басым бөлігі үйінен қатынап оқып жүр. Мұнда жалпы саны 304 оқушы мен 44 мұғалім бар. Лицей басшылығы бұл жағдай оқу процесіне еш кедергі келтірмеді деп сендірді.
Жанар Құрманбаева, Тараз «Білім инновация» қыздар лицей-интернаты директорының орынбасары:
- Ешкімді шаққан жоқ, еш қыздың денсаулығына зиян келетіндей оқиға орын алған жоқ. Не екенін анықтағанда, қоңыз болуы мүмкін. Мамық, жұмсақ жерде өмір сүретін шығар деп отырмыз. Анығын байқаған жоқпыз, жәндіктер көбеймес үшін бірден тазалық жұмысына кірістік.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!