{metadescription}
Сақ заманынан қалған қола қазан табылды – Жамбыл облысы
Сақ заманынан қалған қола қазан табылды – Жамбыл облысы

Сақ заманынан қалған қола қазан табылды – Жамбыл облысы

Қабір қазып жатқанда көне жәдігерге тап болды. Жамбыл облысында ауыл тұрғындары Сақ заманынан қалған қола қазан тауып алды. Салмағы 50 келілік құнды бұйым археолгтарды да аң-таң қылды.

Топырақтың астындағы қатты затқа күректің ұшы тигенде ауыл тұрғындары оны зақымдап алмай шығарып, археологтарды шақыртыпты. Дереу жеткен мамандар ыдыстың 3 мың жылдық тарихы барын айтқан.

Көне бұйым біздің заманымызға дейінгі III – V ғасырға тиесілі дейді. Тарихшылар жәдігер сақтардың тұрмыстық бұйымы болғанына сенімді. Ол қола мен қалайының қосындысынан құйылған екен. Диаметрі 66 сантиметр қазанның кернеуіндегі ою-өрнектің дәлдікпен өрнектелуі көпшіліктің таңдайын қақтырған. Енді құнды жәдігер табылған Бесағаш ауылында қазба жұмыстары жүргізілуі мүмкін. Өйткені осы маңнан бұған дейін де темір дәуіріне тиесілі қару-жарақ сынықтары қазып алынған болатын.

Сауран Қалиев, археолог:

- Қазір айтып отырған жәдігеріміз ерте темір дәуіріне тән мәдениеттің кең тарағандығын, және қайталанбайтын қолөнер туынды екенін көрсетіп отыр. Жамбыл облысының аймағында енді зерттеуші археолог ғалымдарды қызықтыратын кешенді ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізсе деген ойымыз бар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде