{metadescription}
Кәрім Мәсімов бастаған ҰҚК экс-басшылары сот үкімімен келіспей отыр
Кәрім Мәсімов бастаған ҰҚК экс-басшылары сот үкімімен келіспей отыр

Кәрім Мәсімов бастаған ҰҚК экс-басшылары сот үкімімен келіспей отыр

Кәрім Мәсімов бастаған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-басшылары өзіне қатысты сот үкімімен келіспейді. Сондықтан аудандық соттың шешімін әділ деп таппай, екінші инстанцияға арыз түсірген. Алайда ол шағым апелляциялық алқаның қарауына әлі түскен жоқ дейді Астана қаласының соты.

Басқа мәлімет жариялауға жатпайды. Өйткені іс «аса құпия» белгісімен тергеліп, үкім де ақпарат құралдарының қатысуынсыз шыққан болатын. Істің жәй-жапсарының жарияланбауы тіпті заңмен міндеттелген. Мемлекеттік құпияны ашқан адам түрмеге тоғытылады.

Қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы мен оның үш орынбасары былтыр қаңтарда төңкеріс жасап, билікті күшпен тартып алмақ болды, жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және құзыретін асыра пайдаланды, Отанға опасыздық жасады деген бірнеше ауыр айып тағылған. Кәрім Мәсімов 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Әнуар Садықұлов 16, Дәулет Ерғожин 15 жылдан арқаласы, тағылған айыбы жеңілдеу Марат Осипов 3 жылға кесілген болатын. Енді олар бұл үкіммен келіспей, апелляцияға беріп отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.