{metadescription}
АҚШ-та қайтыс болған велошабандозымыздың денесі елге жеткізіледі
АҚШ-та қайтыс болған велошабандозымыздың денесі елге жеткізіледі

АҚШ-та қайтыс болған велошабандозымыздың денесі елге жеткізіледі

АҚШ-та қайтыс болған велошабандозымыздың денесі елге ертең әкелінетін болды. Қазір қажет қаражат толық жиналып, тиісті құжаттар рәсімделген.

Дінмұхамед Ұлысбаев қысқа ғана ғұмырында Азия чемпионатының, Әлем кубогы кезеңдерінің жеңімпазы, сондай-ақ Қазақстан чемпионатының бірнеше рет жүлдегері атанып үлгерген. Бірақ осыдан бір жыл бұрын денсаулығы сыр берген соң, велоспортты тастапты. Кейін 24 жастағы спортшы Америкадан шақырту алып, мұхиттың арғы бетіне кеткен. Алайда осыдан бес күн бұрын оның жүрек талмасынан қайтыс болғаны туралы ақпарат шықты. Оның денесін туған жерге жеткізуге 15 мың доллар қажет екені де жария болған. Сыртқы істер министрлігі қаражаттың бүгін толық жиналып, отандасымыздың денесін ертең жеткізетінін мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.