{metadescription}
Көкшетауда өртенген үйдің тұрғындары жауапты мекемені таппай шу шығарды
Көкшетауда өртенген үйдің тұрғындары жауапты мекемені таппай шу шығарды

Көкшетауда өртенген үйдің тұрғындары жауапты мекемені таппай шу шығарды

Көкшетауда отқа оранған бес қабатты үйдің тұрғындары электр энегриясын есептегіш құралдарға жауапты мекемені таппай шу шығарды. Себебі: өрт бір жерге топтастырылған электр торабынан тұтанған.

Алайда өрттен жарамсыз болып қалған құралдарды енді кімнің қалпына келтіретіні белгісіз. Жарыққа жауапты мекеме мен тұрғын үй кооперативі жауапкершілікті бір-біріне сілтеп отыр. Ал от пен судан баспанасы әбден бүлінген тұрғындар ыс болған қабырғаларды әктеп, есептегіш құралдарды сатып алуға жағдайымыз жоқ дейді. Сондықтан халық жергілікті әкімдіктен көмек сұрауда.

Тақтаға  ілінген 35 электр есептегіші тұрған жерден өрт шыққанда тапа-тал түс екен.Тұрғындардың көпшілігі пәтеріне ыстың иісі кіргенде ғана далаға ұмтылған. Соның өзінде екі сәби ыстан уланған. Иіс тиген 2 және 3 жастағы балақай ауруханадан шыққанымен, денсаулығы сыр беріп, ата-анасы емхана жағалап жүр. Ал тұрғындар екі күн бұрын болған оқиғадан әлі ес жимапты. Олар электр есептегіштері жинақталған тақта бірінші қабаттың шыға берісінде орналасқандықтан бірден сыртқа шыға алмай қалған. Қызыл жалын мен будақтаған қою түтін арасынан оларды құтқарушылар арнайы баспалдақпен алып шыққан.

Қазір үйге жарық электр есептегішсіз жалғанды. Бірақ өртеніп кеткен құралдарды енді кім орнататыны белгісіз. Себебі апаттан кейін бәрі жауапкершілікті бір-біріне артуда.

Жаңабай Жүнісов, Көкшетау қаласының тұрғыны:

- Жабулы қазанды жабулы күйінде қалдыруға болмайды. «Горэлектросеть» ПИК-ке ПИк»Горэлектросетке», газ қызметкерлеріне сілтеуді қою керек. Бізде соңғы кезде солай болып кетті, адам біреу шейіт болмайынша, ештеңе істелмейді.

Қызыл жалыннан кейін баспана ішінде қолқаны қабатын иіс әлі тұр. Ал қабырғасы қап-қара болып күйген. Енді оны кімнің қалпына келтіретіні де белгісіз.

Ернат Жанұзақ, Көкшетау электр торабы бөлім бастығының орынбасары:

- Жұмысымызда электр энергиясын пайдалану ережелеріне бағынамыз. Үйдің ішіндегі бүкіл инженерлік торап, электр жабдықтары сол тұрғындардың жекеменшігі, солардың қарамағында болады. Тұрғындар өзі таңдап алған ПИК те бар. Сол ПИК жауап беруі керек.

Тамара Корнотовская, «Луч» тұрғын-үй кооперативінің төрайымы:

- Егер есептегіштер тұрған жер маған тиесілі болса, олар неге кез келген уақытта келіп жарықты өшіреді? Неге менің электр мамандарым толық сол нысанға жауап бере алмайды? Олар топтастырылған есептегіш тұрған нысандарға өздері жауап беруге тиіс. Қолымыздан келгенше көмектесеміз. Бірақ есептегіштерді тұрғындар өзі сатып алады.

Тұрғындар жарықты уақытша алып отыр. Өрттен кейін подьезді жөндеп, электр есептегішін сатып алуға жағдайымыз жоқ дейді. Сондықтан әкімдікке алақан жаюға мәжбүр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.