Халықты қанаумен айналысатын компаниялар тізімі жарияланды
Бұдан былай ел азаматтары қаражатын қандай да бір ұйымға құймастан бұрын, компанияның қаржы пирамидасына қатысы бар-жоғын тексере алады.
Автор: Айғаным Достанбай
22.05.2023
Қаржы мониторингі агенттігі халықтың қаражатын қанаумен айналысып келген компаниялардың тізімін жариялады. Агенттік ұсынған қара тізімдегі ұйымдар қаржы пирамидасы ретінде күдікке іліккендер мен сот үкімі шыққан компаниялар. Қаржы мониторингі агенттігі жыл басынан бері 22 қаржы пирамидасын анықтаған. Кибербақылау жүйесінде 4 мыңға жуық сайт пен аккаунты бұғаттаған. Жауапты ведомстваның өкілдері тұрғындарға қырағы болуды, сондай-ақ күмәнді ұйымдарға ақша салмауын өтініп отыр. Ал жақындарыңыз қаржы пирамидасынан зардап шеккен жағдайда, Колл-орталыққа хабарласуды сұрайды.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
- Алдын алу жұмысы аясында әлеуметтік желі қолданушыларына ескерту жіберу нәтижесінде бүгінде 52 мың желі пайдаланушысы қаржы пирамидасының белгілері бар контентке жазылудан бас тартты. Қаражатты инвестициялау кезінде азамат белгілі бір компанияда қаржы пирамидасы белгілерінің баржоғын тексеру үшін ҚМА телеграм-ботын пайдалана алады. Жыл басынан бері қызметке 3511 өтініш түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!