Блім гранттарының басым бөлігі қай өңірлерге бөлінген
Биыл жоғарғы оқу орындарына 88 мың грант бөлінген. Оның жартысынан астамы, яғни 60 пайызы инженерлік-техникалық мамандықтарға бағытталған. Бұл туралы ғылым және жоғары білім вице-министрінің қатысуымен өткен брифингте айтылды.
Автор: Айғаным Достанбай
22.05.2023
Тегін білім гранттарының басым бөлігі халқы тығыз орналасқан өңірлерге, жаңа құрылған облыстар мен еліміздің батыс аймақтарына бөлінген. Ұлттық бірыңғай тестілеу елімізде 16 мамырда басталған болатын. Қуаныш Ерғалиев осы тестілеу нәтижесінде түлектер мемлекеттік грант конкурсына қатыса алатынын атап өтті. Оның айтуынша, биыл негізгі ҰБТ-ға 166 мың талапкер өтініш берген. «3-і мен 20 шілде аралығында грантқа құжат қабылдау басталады. Ал грант иегерлерінің тізімін 10-шы тамызға дейін жариялауды жоспарлап отырмыз», - деді министрдің орынбасары. Жоғары оқу орындарына құжаттар 25 тамызға дейін қабылданады.
Қуаныш Ерғалиев, ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі:
- Биыл негізгі ҰБТ артықшылықтарының бірі – тапсыруға екі мүмкіндік тестіленуші, ең жақсы нәтижені грант иелену үшін конкурсқа қатыса алады. Биыл бұл норма заңнамалық тұрғыда бекітілді. Сонымен қатар екі мүмкіндікте де бір бейіндік пәндер комбинациясын таңдау керек. Ерекше білім беру қажеті бар балаларға да арнайы жағдай жасалынған. ҰБТ тапсыруға, мысалы, осындай балаларға қосымша 40 минут уақыт беріледі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!