Үкімет басшысы сапасыз құрылысқа қатысты жауаптылар мен әкімдерді сынады
Су келсе, құбыр жарылады, құбыр жарылса – су жоқ. Премьер-министр осылай сапасыз немесе толық аяқталып бітпеген құрылыс жұмысының шикілігін тізіп, жауаптылар мен әкімдерді біраз сынады.
Автор: Әзиза Төленби
22.05.2023
Қазір елімізде 600 мыңнан астам азамат ауыз суға мұқтаж. Ал бұл ауқымды жұмысқа бәрі атүсті қарайды дейді Әлихан Смайылов. Сондықтан тіршілік көзімен қамтуға келгенде шикілік те, сұрақ та көп. Әсіресе Абай, Ақмола, Жамбыл, Ақмола, Қостанай мен Солтүстік Қазақстан облыстарында жүздеген елдімекен сусыз отыр. Биыл сумен жабдықтау, қайта жөндеуге 280 миллиард теңге бөлінген. Ал кей облыстар соған қажетқаражатты толық көлемде толтырып та үлгермепті. Осындай жауапсыздықтың салдарынан сусыз сандалған жұрт қайда барып шағымданарын білмей, Үкімет қоржынын хатқа толтыруға мәжбүр.
Әлихан Смайылов, ҚР премьер-министрі:
- Жұмыс қарқыны өте баяу. Мысалы 2021 жылдың қорытындысы бойынша, сумен қамтамасыз ету ауылдарды 93 пайыз, ал қалаларда 98,1 пайызды құраған. Яғни жылдық өсім бір пайызға да жетпей отыр. Ауылды сумен қамтамасыз етудің жоспарлы көрсеткіші орындалмай қала ма деген үлкен қауіп бар. Яғни бұл аталған мәселеге қатысты жергілікті атқарушы органдар белсенді жұмыс істей алмай отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!