Есілдің қос қапталындағы аудандарда су тапшы – Астана
Өткен демалыста астаналықтар сусыз қалды. Су зардабын Есіл өзенінің екі қапталындағы аудандар тартып отыр. Ал «Астана су арнасы» тығырақтан шығу үшін саяжай иелерін бау-бақшаны түнде ғана суаруға шақырды. Судан таршылық көрген бұқараның базынасын КТК тілшісі тыңдап қайтты.
Автор: Мерей Қалиасқар
22.05.2023
Бау-бақша маусымы бастала сала, елордада су жоқтың қасы. Анна Иванюкова онсыз да қысымы аз суды жеткізе алмай жүр. Былтыр да жауапты мекеме бақшаны түнгі уақытта суару жайлы айтқан. Ойға қонымсыз шешім биыл да қайталанды деп қапалы.
Анна Иванькова:
- Ұйқымды қиып түнді бақшада өткізуім керек пе? Ештеңе көрінбейді ғой, қалай суарамыз? Тіпті қайда отырғызу керектігін, қай жерде не егу керектігін де көре алмайсың ғой. Суға төлемесек бір сәрі. Бұл шешімі орынсыз. Осы маңнан Есіл ағатын. Емінеркін қажетін құйып алатынбыз. Енді ол да жоқ.
Бүгінде бас қалада судың тапшылығы тәулігіне 30 мың текше метр құрайды. Сұрауы бар судың мәселесі наурызда басталыпты. «Астана су арнасы» бұған қала халқының өсуін себеп қылып, ауыз суды арнайы кестемен беруді шешкен. Су қысымы тәулігіне екі-үш мәрте ғана күшейіп, қалған уақытта бәсеңдейді. Қолданыстағы екі сорғы-сүзгі станциясы 1 жарым миллиондай халқы бар қаланы толық қамтамасыз ете алмай отыр.
Жанна Досжанова, "Астана су арнасы" МКК жетекші инженер-технологы:
- Демалыс күндері су көп кетеді. 2025 мың текше метр сағатына кетеді. Суды үнемдеу керек. Осы жердегі екі станцияның өнімділігі 305 мың текше метр тәулігіне беріледі. Ал біз қазір 330, 325 мың береміз. Бар құралжабдық, бүкіл насос тозып барады. Түнгі мезгілде, халық жатқанда, сағат 23-тен таңғы 6-ға дейін суару керек.
«Астана су» жеке сектор тұрғындарына түнгі уақытта суару жайсыздық тудырса, техникалық су сатып алуға кеңес береді. Оны келісім бойынша қаланың бес нүктесінен сатып алуға болады. Ол әлдеқайда арзан дейді мамандар. Мәселен, ауыз су мың литріне 54 теңге болса, техникалық су 36 теңге.
Жауапты компания бұқараға суды тамызға дейін тамшылап, үнемдеп пайдалануға тура келетінін жеткізді. Себебі тек сол уақытта қуаттылығы тәулігіне 105 мың текше метр суды құрайтын жаңа сорғы-сүзгі станциясы іске қосылады. №3 сорғыш-сүзгіш станцияның құрылысына 60 миллиардқа жуық қаражат бөлінген. Бұл жоба сәтімен іске асырылса, бес жыл бойы елордалықтардасу тапшылы болмайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!