{metadescription}
Елімізде мыңдаған адам құмар ойынның құрсауынан шыға алмай жүр
Елімізде мыңдаған адам құмар ойынның құрсауынан шыға алмай жүр

Елімізде мыңдаған адам құмар ойынның құрсауынан шыға алмай жүр

Бәс тігу ауру ма, әлде әдет пе? Қоғам белсенділері букмекер кеңселердің кесірінен елімізде мыңдаған адам құмар ойынның құрсауынан шыға алмай жүр деп дабыл қақты. Олар тәуелділіктен арыла алмай жүрген жандардың статистикасын жасап, бәс тігетін сайттарды қадағалауды ұсынды.

Себебі: тез баюды ойлап, соңында опық жейтіндердің кейбірі өмірден баз кешіп суицид жасауы мүмкін. Мамандар ойынқұмарларға республикалық арнайы орталықтарға жүгініп, қауіпті дерттен тегін арылуға кеңес береді. Ал ақылы ем көрсететін жекеменшік мекемелердің дені талапқа сай емес әрі қымбат екен.

Арман бес жылда 100 миллион теңге ұтылған. Байып кетуді көздеген азамат ақыры барынан айырылып тынған. Құмар ойынның құрсауынан шыға алмай қиналған жігіт ағасы емделуді жөн санап, осы орталыққа өз еркімен келген.  

Арман:

- Проблема көбейді. Қарызға батып кеттім. Отбасыммен де жиі ұрысатынмын. Ақша таппай тығыраққа тірелдім. Суицид жасау да ойымда болды. Әне қоямын, міне қоямын деп жүргенде жағдай ушығып кетті. Расымен де құмар ойынды қойып кету өте қиын екен. Ойлана келе, маған тек арнайы мамандар көмектесе алатынын түсіндім.

Арманнан бөлек, Павлодардағы психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығында тағы 10 адам емделіп жатыр. Барлығы бәс тігемін деп қарызға белшесінен батып тығырыққа тірелген. Медицина мамандары құмар ойын тәуелділігінен арыла алмай жүрген адамдарды оңалту әр емделушінің ерік-жігеріне тікелей байланысты дейді. Қалтасына сәл қаражат түссе, көбі жаман әдетті қайта бастап кетуі де мүмкін.

Гүлнұр Атамбаева, психиатр:

- Бұл аурудан емделетін науқастар орталықта екі айдан алты айға дейін немесе он екі айға дейін емделе алады. Науқастар толықтай емделмейді. Неге десек, өйткені бұл ауру созылмалы ауру. Созылмалы ауру болғандықтан бұл аурудың ремиссиясы және рецидиві бар. Біздің бағдарлама өте жоғары дәрежелеі және сапалы.

Қоғам белсендісі Нұржан Жақыпов ойынқұмарлардың дені жекеменшік орталықтарға жүгінетінін жеткізді. Қоғам белсендісі мұндай мекемелердің көбі талапқа сай емес, әрі бағасы өте қымбат дейді. Оған қоса, олардың қызметін ешкім қадағаламайтын көрінеді. 

Нұржан Жақыпов, қор төрағасы:

- Қазақстанда жекеменшік оңалту орталықтары көп, дегенмен олар кадрлық біліктілік, кейбір санитарияэпидемиология нормалары бойынша заманауи талапқа сай келе бермейді. Мұндай орталықтарды көбіне біліктілігі жоқ мамандар басқарады, олар көбінесе сондай орталықтардың бұрынғы емделушілері. Мұндай орталықта емделу ақысы айына 500 мың теңге. Емдеудің орташа курсы алты ай. Нәтижесінде бір курс үш миллион теңгеге дейін барады.

Елімізде лудомания диагнозымен бар-жоғы 10 адам тіркеуде тұр. Сарапшылар бәс тігетіндердің статистикасын жасап, букмекерлік сайттарды бақылуға алуды ұсынды. Себебі, спортшылар мен командалардың бағы мен бабы үшін қалтасындағы бар қаражатын тігуді әдетке айналдырған адамдар соңында өмірден баз кешіп суицидке баруы да мүмкін.

Үш жыл бұрын еліміздегі ең ірі «Олимп» букмекерлік кеңсесі жұмысын тоқтатқан. Бірақ оның орнына спорт ойындарға бәс қабылдайтын өзге сайттар ашылып, букмекерлік кеңселердің саны жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаптады. Қазір олардың жарнамасы да жер жарып тұр. Қоғам белсенділері жас пен кәріні жіпсіз байлаған құмар ойынға заңмен тыйым салмасақ, қылмыс артып, ішімдік пен есірткіге тәуелді жастар көбейеді деп қауіптенеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.