Абай облысында қарағайлы орманның мыңнан аса гектары күлге айналды
Абай облысында қарағайлы орман өртеніп жатыр. Қызыл жалын 1100 гектар аумақты шарпыған. Әзірге тілсіз жау өрт сөндірушілерге ырық бермей жатыр.
Автор: Ұлан Нұрахмет
23.05.2023
Өрт Ресейдің Алтай аймағынан тұтанған. Желдің екпінімен күш алып біздің аумақтағы қарағайлы орманға лап қойыпты. Соның салдарынан бір тәулікте мың бір жүз гектар аумақ күлге айналды. Мамандар жақын маңдағы елдімекендерге қауіп жоқ дейді. Дегенмен Ивановка ауылы мен Березовка шипажайына жақын аумақтар түгел бақылауға алынған. Сонымен қатар ауыл халқына кез келген жағдайға дайын болыңдар деген ескерту жасалды. Өрт сөндіруге 271 адам жұмылдырылған.
Мақсат Елемесов, Абай облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумағы инспекциясының басшысы:
- Желдің салдарынан жалын лезде күш алды. Сондықтан өртті сөндіруге техникалар мен қатар өрт сөндіру пойызы және Астана қаласынан тікұшақ жұмылдырылды. Қазір оттың жанжаққа тарауы тоқтатылды. Енді сөндіру жұмысы жүріп жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!