{metadescription}
Алатау бөктерінде жоғалған аустралиялық турист өлі табылды
Алатау бөктерінде жоғалған аустралиялық турист өлі табылды

Алатау бөктерінде жоғалған аустралиялық турист өлі табылды

Алатау бөктерінде жоғалып кеткен аустралиялық турист, өкінішке қарай, тірі табылмады. Оның өлі денесі Аюсай шатқалындағы сарқыраманың маңында жатқан. Құтқарушылардың болжамынша, Херд Джек Майкл биіктен құлап қаза тапқан.

Гүлім Советхан, Алматы құтқару қызыметінің баспасөз хатшысы:

- 22 мамырда ақпарат түсе сала, бізде арнайы посттар, құтқару бекеттері бар, іздестіру бір тәулікке таяу жүргізілді. Алматының құтқару қызыметі 109 және де ТЖД, полиция қызыметкерлері және еріктілер қатысты. Жалпы көлемде 80 адам, 20 техника және бір кинология  құрамы қатысты. Арнайы техника қолданылды. Ол жерде мотовездеход, дрондар қолданылды. Қажет техниканың бәрі қолданылды және арнайы құтқарушы иттер де іздестіруге қатысты.

Бұл аустралиялық азаматтың тірі кезіндегі соңғы бейнекадрлары. Оны кездейсоқ кездестірген туристер түсіріп алған болуы керек. Осыдан кейін із-түзсіз кеткен жігітті іздеуге Үлкен Алматы көліндегі ауа райының қолайсыздығы құтқарушыларға кедергі келтірген. Түнімен қар аралас жаңбыр жауып тұрыпты.

Херд Джек Майкл Аустралия азаматы 20 мамырда елімізге әріптесімен қонаққа келген. Олар Қазыбек би көшесінде хостелге тұрақтаған. Қонақ үй қызметкерінің айтуынша, Майкл жексенбіде серуендеуге жалғыз шығыпты. Заттарын алуға сол күйі қайтып оралмаған. Ал қасындағы қыз әріптесін күтпей, әуежайға жалғыз кетіпті. Өзі келер деп топшылапты.

Айнұр Үмбетова, хостел әкімшісі:

- Сенбіде сағат 11:30-да келді. Қасында дос қызы бар екен. Бірге келіп тұрақтады. Екі күнге төлем жасады. Осында кіріпшығып жүрді. Жексенбіде болған жоқ. Сенбі күні түстен кейін соңғы рет көрдім. Басқа көрмедім. Ол қыз таңертен ерте кетіп қалды. Бірінші шығып кетті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде