Оралдықтарды 120 миллионға алдаған қаржы пирамидасының жетекшісі ұсталды
Оралдықтарды тақырға отырғызып кеткен қаржы пирамидасының жетекшісі қамауға алынды. Ол бір емес, екі бірдей жобамен жұрттың 120 миллион теңгесін қалтасына басқан.
Автор: Руслан Әбдіхалық
23.05.2023
Күдікті әйел жұртты «әр салған ақшаңнан 24 пен 54 пайыз аралығында табыс табасың» деп алдаған. Имандай сенген халық қолындағы бар қаражатты бере салып, енді бақыр тиынға жете алмай сенделіп жүр. Қаржы мониторингі агенттігі мұндай күмәнді ұйымдарға ақша құю қауіпті екенін айтады. Бірақ бұл ескертуге мән беріп жатқан ешкім жоқ.
Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:
- Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген азаматша ұсталып, сот санкциясымен екі ай мерзімге қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергептексеру жалғасып жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!