{metadescription}
Ұн өнімдері тағы қымбаттады – макарон бағасы 30 пайызға өскен
Ұн өнімдері тағы қымбаттады – макарон бағасы 30 пайызға өскен

Ұн өнімдері тағы қымбаттады – макарон бағасы 30 пайызға өскен

Елімізде ұн өнімдері тағы қымбаттады. Әсіресе макарон бағасы 30 пайызға өскен. Күнделікті тұтынатын өнімнің күрт қымбаттауы тұрғындардың қалтасына салмақ салып отыр. 

Гүлия Қадырова:

- Күн сайын бәрі қымбаттап жатыр. Қайда бара жатырмыз, білмейміз. Макаронды өзіміз өндіреміз, сүт, қант ,ұнды да. Күн сайын қымбаттайды. Жалғыз зейнетақымыз жетпейді.

Макарон бағасы Батыс Қазақстанда 61 пайыз, Павлодар, Атырау облыстарында 43 пайызға дейін шарықтаған. Ең қолжетімді тамақ түріне жататын макаронды пайдаланудан Қазақстан Италиядан кейін екінші орында екен. Айтпақшы, Италияда да макарон өнімдері 17 пайызға қымбаттапты. Сол себепті ол жақта монополияға қарсы қызмет тексеріс бастаған. Ал біздің елде азық-түлік күн сайын қымбаттаса да, бағаны реттеуге ешкімнің шамасы жетпей жатыр.

Сәуле Байжанова, жеке кәсіпкер:

- Жақсы макарондар қымбат, рас. Өзіміз Қазақстанда тұрамыз, өз бидайымыз бар, өз сүтіміз бар, неге қымбат? Жанармай да қымбат. Солярка, ол да қымбат. Тасымал да қымбат.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде