{metadescription}
Қарағандыда құбыр жарылып, бүтін бір аудан сусыз қалды
Қарағандыда құбыр жарылып, бүтін бір аудан сусыз қалды

Қарағандыда құбыр жарылып, бүтін бір аудан сусыз қалды

Қарағанды қаласында су құбыры жарылып, бүтін бір аудан тіршілік нәрінен қағылды. Қазір Сұрыптау станциясы мен Рабочий елдімекендеріне ауызсу көлікпен жеткізіліп, мектептерде сабақ кестесі қысқартылды. 

Ерлан Аязбеков, № 137 мектептің директоры:

- Бүкіл мектептерде қазір су жоқ. Сабақтарды кішкене қысқарттық, санитарлық нормаға байланысты. Бізде сабақ өтіп жатыр. Су бар, тамақ бар. Штат режимінде өтіп жатыр. Бірақ сабақ қысқартылған.

Аудандағы бес мектептің оқушылары бүгін үйіне ерте қайтты. Коммуналдық мекеме тұрғын үйлер мен мемлекеттік мемеме және оқу орындарына суды көлікпен жеткізіп жатыр. Ал магистраль құбырдың жарылған жерін жөндеу таң ата басталған. Осы ауданды орталықпен жалғайтын тоғыз шақырым құбыр 2009 жылы толық жаңартылған. Кезінде төзімді деп мақтауы асырылған пластик құбырдың жарылған бөлігі сараптамаға жіберіледі. Өйткені осы учаскеде құбырдың тесілуі жиілей бастаған. Мамандар коммуналдық апат кеш батқанша жойылып, халыққа ертеңге дейін ауыз су беріледі деп сендірді.

Николай Сеньковский, «Қарағанды Су» ЖШС бөлім басшысы:

- Түнде құбырдың жарылған жерін тауып, таңға дейін суды сорып алдық. Одан кейін бірден жөндеу басталды. Жоспармен ауыз суды түнге дейін береміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

15 ақпан

14 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде