Ақтауда шағынаудан тұрғындары мектеп салып беруге талап қойды
Ақтауда бүтін бір шағынаудан тұрғындары мектеп салып беруді талап етуде. Себебі төрт-бес жыл бұрын пәтер сатып аларда тұрғын үй жанынан жаңа мектеп ашылады делінген. Алайда жауаптылардың бұл уәдесі сол күйі орындалмаған.
Автор: Айман Нұрмағанбет
23.05.2023
Гүлгүл Балмырзиева:
- Үй алардың алдында әкімдік бас жоспарын көрсетті. Мына шұңқырда біздің №86 үйдің артында үлкен мектеп болады деді. Анау екінші шұңқырда балабақша болады деді. Тұрғанымызға бес жылдан асты, балаларды әлі алысқа сүйрелеп жүрміз. Мына жердің бәріне жекеменшік мектеп ашып тастаған. Емхананың қасында да жеке мектеп, айына 60 мың теңге төлеу керек.
Жиналғандар мектеп салынуға тиіс жерде шұңқыры қазылып тұр дейді. Бірақ құрылыс әлі басталмаған. Есесіне жақын маңда жекеменшік екі мектеп ашылыпты. Онда оқыту үшін әр балаға 60 мың теңге төлеу керек. Ата-аналар оны қалтамыз көтермейді дейді. Тұрғындар баласын амалсыздан алыстағы мектепке тасуға мәжбүр. Ал әкімдік алдағы уақытта аталған ауданнан 900 орындық мемлекеттік мектеп пен балабақша салынатынын айтты.
Қуаныш Сембаев, Ақтау құрылыс және сәулет бөлімінің сектор меңгерушісі:
- Ақтау қаласы 17 шағынауданда орналасқан 25-ші учаске қазір бекітілген бас жоспарға сәйкес, балабақша және бастапқы сынып мектебінің құрылысына арналған. Бүгінде жүріп жатқан құрылысқа барлық рұқсат құжат рәсімделген.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!