{metadescription}
Кереку өңірінде жол бойына сақшы-сиыр» тұрады
Кереку өңірінде жол бойына сақшы-сиыр» тұрады

Кереку өңірінде жол бойына сақшы-сиыр» тұрады

Кереку өңірінде жол бойына «сиырларды» сақшылыққа қоймақшы. Себебі: аймақта көлікпен мал қағу жиілеген. Сондықтан мамандар мүйізді ірі қараның макетін қауіпсіздік үшін пайдаланғанды жөн деп тауыпты. 

Мәди Шайдуллин, Павлодар облысы «Қазавтожол» ҰК филиалының бөлім басшысы:

- Мал айдауға қатысты белгі бар. Ол кез келген ауылдың маңындағы жол бойына орнатылған. Сиыр макетінен көлік жүргізушілері сақтанар деп ойлап отырмыз. Ақпарат құралы ретінде пайдаланамыз. Әзірге малдың 15 макетін орнаттық.

Аймақта ірі қара малға соғылу оқиғалары апта сайын тіркеледі. Былтыр тіпті трассаға атып шыққан жылқының кесерінен жол-көлік апаты болып, бір адам қаза тапқан, бес жолаушы жарақат алған. Белгісі жоқ жолға шыққан төрт түлік үшін сол апатқа мал иесі кінәлі деп танылады. Ал мал айдайтын жерде де көлік тізгіндегендер ескертуді елей бермейді. «Енді макетті көргенде белгіге мән берер» - дейді жол саласының мамандары. Жаны жоқ сиырдың сұлбасының өзі алпыс мың теңге тұрады. Қазынадан қомақты ақша да бөлінген. Оны темірмен қаптап, алыстан көрінетіндей етіп жасаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде