ШҚО, ескерту: Таулы аймаққа шықпаңыздар, сел қаупі бар
Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында сел жүру қаупі бар. Табиғат тосын мінез танытса, 13 елдімекен қызыл суда қалуы мүмкін.
Автор: Ұлан Нұрахмет
23.05.2023
Сел жүру қаупі Алтай, Катонқарағай, Зайсан аудандары мен Риддер қаласында жоғары. Себебі мұндағы таулардың шыңында 146 мұздық пайда болған. Олар ерісе, 13 елдімекен су астында қалуы мүмкін. Қазір мамандар сел мен қар көшікіні жүретін 38 жерге ескерту және тыйым салу белгілерін орнатты. Өйткені өңірде 10 гидропосттың біреуі ғана жыл бойы жұмыс істейді. Мамандар жұртқа таулы аймақтарға шықпауға ескерту жасауда.
Омар Дүзгүмбаев, «Қазселденқорғау» ММ ШҚО филиалының басшысы:
- Облысымызда ең қауіпті деп Катонқарағай ауданындағы Сарымсақ су қоймасын айтамыз. Өйткені селдің астында Катонқарағай ауылы тұр. Біздің мамандар сол жерге жұмылдырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!