{metadescription}
Несиеге баспана алғандардың саны жарты миллионнан асқан
Несиеге баспана алғандардың саны жарты миллионнан асқан

Несиеге баспана алғандардың саны жарты миллионнан асқан

Елімізде баспананы несиеге алған азаматтар саны жарты миллионнан асты. Бірінші кредит бюросының мәліметінше, ипотека қарыз 6 триллион теңгеге жуықтаған. Үйді екінші деңгейлі банктер арқылы рәсімдейтіндердің дені мегаполис тұрғындары. 

Астанада 98 мың, Алматыда 83 мыңнан астам адамның ипотекалық несиесі бар. Елде 290 мың азамат қарызын кемі 10 жылға алыпты. Берешектің орташа сомасы 10 миллион теңге. Тұрғын үй саласының сарапшылары миллионнан астам тұрғыны бар үлкен шаһарларда баспананы ипотекаға алған тиімді екенін айтады. Себебі: үлкен қалаларда пәтер жалдау қымбат. Ақшаны ай сайын жалдамалы баспанаға бергенше, банкке төлеп, үй өзіңде қалған дұрыс деп отыр. Алайда экономистер бұл пікірмен келіспейді. Олардың айтуынша, екінші деңгейлі банктер беретін ипотекалық несиенің пайыз мөлшерлемесі өте жоғары. Бұл мәселені шешудің жалғыз жолы – төмен пайызбен баспана беретін мемлекеттік тұрғын үй бағдарламаларын көбейту дейді.

Мақсат Халық, экономист:

- Қазір ипотекалық несиелердің пайызы – 20. Ондай пайызбен халқыңызды көбірек несиелендіре бергеннің еш жақсылығы жоқ. Оның тек зияны болады. Ол тек халқыңа жасаған қастандық пен қиянат. Өйткені үй бағасы орташа 10 миллион тұратын болса, сіз оны екіүш есе қылып қайтарсаңыз, ол ақылға сыймайды, қисынға келмейді. Әрине. арнайы бағдарламамен алып жатқандар бар. Бірақ олар өте аз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде