Таиландта біздің туристерді катермен апатқа ұшыратқан кім?
Таиландта біздің туристер мінген катердің апатқа ұшырауына капитан кінәлі. Тергеу кезінде жасалған медициналық сараптамадан жүргізушінің қанынан синтетикалық есірткі анықталған.
Автор: Салтанат Шырынхан
24.05.2023
Тай елінде осыдан тура бір апта бұрын 33 турист пен 4 экипаж мүшесі мінген моторлы қайық апатқа ұшыраған. Катер Пхукет аралдарына жақындай бергенде бетон бағанаға соғылып, төрт отандасымыз зардап шегіп, екеуі ауруханаға жатқызылған. Апатқа ең басты күдікті – катерді жүргізген Сатит Масчай. Тергеуде сараптама жасалып, оның қанынан есірткі анықталып отыр. Таиландтың құқық қорғау қызметкерлері "метамфетамин" деп аталатын есірткіні оның қай уақытта қабылдағаны әзірге белгісіз деп отыр. Бірақ қандай жағдайда да капитан жазадан құтылмайды. Өйткені тыйым салынған затты тұтынды деген айыппен қоса, жұмыстағы салғырттығы үшін де жауапқа тартылады – үш жылға дейін бас бостандығынан айырылып, біздің ақшаға шаққанда 800 мың теңгеге жуық айыппұл арқалауы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!