{metadescription}
Жезқазғанда MetaGo қаржы пирамидасын құрған топ құрықталды
Жезқазғанда MetaGo қаржы пирамидасын құрған топ құрықталды

Жезқазғанда MetaGo қаржы пирамидасын құрған топ құрықталды

Жезқазғанда MetaGo жобасымен криптовалютаға инвестиция тартамыз деген желеумен қаржы пирамидасын құрған топ құрықталды. Олар қала тұрғындарынан 125 миллион теңге жинап үлгерген. 

Қаржы пирамидасын құрды деген күдікке Астана, Алматы және Жезқазған қаласының төрт тұрғыны іліккен. Олардың алаяқтықпен айналысып жүргенін терең талдап барып анықтадық дейді мамандар.

Күдіктілер Жезқазғандадағы жұмысын өткен жылдың маусым айында бастап, бүгінге дейін 600 адамнан ақша жинап үлгерген. Ұсталғандардың үй-жайын тінткен кезде қаржылық есеп құжаттары, компанияның логотипі және қыруар қаражат табылды. 

Әлібек Әбділов, ҚР Қаржы мониторингі агенттігінің ресми өкілі:

- Прокуратураның үйлестіруімен қаржы мониторингі агенттігінің Ұлытау облысы департаментінің қызметкерлері талдау бөлімшелерімен өзара әрекеттесіп анықтады. Қазір сотқа дейінгі тергептексеру жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.