{metadescription}
Астана тұрғындары салына бастаған жаңа құрылысқа наразы
Астана тұрғындары салына бастаған жаңа құрылысқа наразы

Астана тұрғындары салына бастаған жаңа құрылысқа наразы

«Күннің көзін жаппаңдар». Елорда тұрғындары көрші маңайда көпқабатты үй бой көтерсе, күн сәулесін көрмейміз деп шағымданып отыр. Жаңа құрылысқа наразы халық екі үйдің арасындағы жол тар, кіріп-шығудың өзі қиын деп дабыл қақты.

Сондай-ақ құрылыс компаниясының үйді тұрғызуға рұқсаттың барына да күмәнді.

Халық саны ай санап өскен бас қалада біріне-бірі іркес-тіркес салынған тұрғын үй кешені көбейген. Тығыздықтан бөлек, үйлерді тым биік етіп салу тенденциясы тағы бар. Элиталы аудан тұрғындары көршілес тұрған құрылыс нысанының кесірінен күн көзін көре алмайын деп тұр.

Тоқпанов көшесіндегі тоғыз қабатты «Ақбұлақ премиум» кешенінің тұрғындары жапсарласа зәулім үй тұрғызыла бастағанын біліп, наразылық білдіріп жатыр. Құрылыс компаниясы әуелі 12 қабатты тұрғын үй кешенін салуды жоспарлаған, алайда ғимарат одан да биік болайын деп тұр. 

Диана Болатханқызы:

- Ақбұлақ ауданында мұндай 16 қабатты үй жоқ. Бәрімізде, ең көп дегенде, бас жоспармен 12 қабатты үйге рұқсат етілген. Бірақ «Тұмар групп» компаниясы 16 қабатты қылдырып, пентхаус сатып жатыр. Үй дәл жанымызда тұр, оңтүстік қабатқа күн түспейтін болады. Өздеріңізге мәлім, Астанада алты ай, жарты жылдай қыс болады. Сондықтан да бізге күн көзі өте маңызды.

Біріне-бірі иық теңестіре бой көтерген көпқабатты үйлердің ауласына жеңіл көлікпен кіріп-шығу қиын, - дейді түрғындар. Бой жарыстыра салынған бұл кешендерде оқыс оқиға бола қалса, шұғыл қызмет көліктерінің апат орнына дереу жетуі де екіталай. Талапқа сай 12-16 қабатты тұрғын үйлердің арасы 40 метр болуға тиіс. 

Әнуар Шаймағанбетов:

- Екі үйдің арасын өлшеп едік, бар жоғы 78 метр. Терезеден амандасқымыз келмейді. Арақашықтық сақталу керек қой.

Қоршалған жер учаскесінің ішінде тұрғындардың гаражы да бар. Құрылыс компаниясы оларды сәуірде бұзып,  жұмысты бастап кеткен.  

Николай Моцный:

- Бірнеше жер учаскеміз бар. Бізден оны әлі ешкім сатып алған жоқ. Заң жүзінде иесіне тиесілі жерде құрылыс болмауға тиіс. Компания бізге хабарласты, бірақ бір шешімге келмедік.

Әнуар Мұқажанов, қорғаушы:

- 2022 жылдың маусымында жоба жұмыстарына рұқсат берілді бірақ ол құрылыс істеуге рұқсат бермейді. Компанияда толық рұқсаттама қағаздары жоқ. Сол үшін өткендегі тексерісте компанияға бес әкімшілік хаттама қозғалды. Сол істер қазір қарастырылып жатыр.

500-ге тарта пәтер иелерінің арыз-шағымы әкімдікке жетіп, бүгінде құрылыс салушыға қатысты тексеру басталды. Компанияға 15 маусымға дейін уақыт берілді. Оған дейін қажет құжаттарын түгендеп, құрылысқа рұқсат алып, айыппұл төлеуге тиіс.

Рұқсатсыз құрылыс бастап кеткен компаниялар бас қалада жетіп артылады. Сарыарқа ауданында бірден үш тұрғын үй кешенінің рұқсат құжаттары болмай, құрылысы тоқтады. Ал Есіл ауданында жыл басынан бері құрылыс салушыларға 30 миллионға жуық айыппұл салынған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.