Депутаттар бейберекет салынып жатқан құрылыс мәселесін көтерді
Тұрғындар демалыс орны мен саябақтан айырылды. Қалалардағы бейберекет құрылысқа депутаттар да алаңдаулы.
Автор: Айғаным Достанбай
24.05.2023
Мәжілісмен Альберт Рау шаһарларда ғимараттардың бір-біріне тығыз орналасуына қарсы. Әсіресе Алматы мен Астанадағы жағдай мәз емес деп есептейді ол. Үйлердің арасында тиісті қашықтық сақталмаған. Көлік қоятын орынды айтпағанда, адам айналып жүретін жер жоқ. Елордада тұрғын үйлердің маңында саябақ қарастырылмаған. «Осындай маңызды мәселелер құрылыс кодексіне енгізілуі керек» - дейді депутат.
Жер жеткілікті екені түсінікті. Алайда қазір мегаполистердің тұрғындары экономикалық факторлармен бетпе-бет келуде. Мектеп пен балабақша жетіспеушілігі туындап, екі күннің бірінде ішетін су жоқ деп қала халқы шулап жүр.
Альберт Рау, Мәжіліс депутаты:
- Астананы алсақ, сол жағалауда әлеуметтік нысандар салынуы керек жерге тұрғын үй кешені салынып жатыр. Олар барлық норманы, оның ішінде тұрғын үйлер арасындағы қашықтықты бұзып отыр. Адамдар тек әлеуметтік нысаннан ғана емес, сонымен қатар демалыс орындарынан, саябақтардан, скверлерден айырылды. Бұл мәселені әзірленіп жатқан құрылыс кодексі шеңберінде кешенді шешу керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!