«СНПС-Ақтөбемұнайгаз» жұмысшыларға жарытып дивиденд төлемей отыр
Ақтөбе облысындағы мұнай алпауыты бұрынғы жұмысшыларына жарытып дивиденд төлемей отыр. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» акционерлік қоғамы биыл әр акцияны небәрі 75 теңгеге бағалаған.
Автор: Жаңалық Ахаш
24.05.2023
Бауыржан Бекмағанбетов:
- Осы тұрған халықтың әрқайсысының еңбегі бар. Кезінде осында жұмыс істеп, денсаулығын жоғалтып, осы жерден зейнетке шығып, девидендке аузын ашып отырған кезде, итке тастаған сүйектей, халыққа 75 теңгеден бергісі келіп отыр. Халық наразы.
Мұнай саласының ардагерлері «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» бас ғимаратын таңнан бері торуылдап жүр. Күзетшілер қақпадан бір адым да әрі аттатар емес. Дивиденд даулағандар «басшылық бізбен санаспады» деп ашынады. Бұл компанияның қазір артықшылық берілген 938 мың акциясы бар. Оны кезінде осы компанияда еңбек еткен жұмысшылар алған. Қолында құнды қағаз болғанымен, акционер ретінде дауыс беруден шектеп қойыпты. Биыл мұнайшылардың қолына ақша тимек түгілі, акция құнын 75 теңгеге бағалапты. Ал «СНПС-Ақтөбемұнайгаздың» есебінде тапқан табыс – қомақты. Бірақ дивиденд құнын неге түсіргенін ешкім түсіндіріп бере алмай отыр.
Тимур Каюпов, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ заңгері:
- Акционерлер кеңесі ертең өтеді. Сырттай дауыс беру қарастырылған. Бірақ сіздердің дивиденд туралы мәселелеріңіз атқарушы органның құзіретіне жатпайды. Әрі компания басшылығы тап қазір орнында жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!