{metadescription}
Шымкент этнобағындағы қарағайлар үсіп кетіпті
Шымкент этнобағындағы қарағайлар үсіп кетіпті

Шымкент этнобағындағы қарағайлар үсіп кетіпті

Шымкентте саябақтар жаз шықпай жатып сарғайып кеткен. Себебі, этнобаққа он жыл бұрын егілген қарағайлар қысқы аязға шыдамай үсіп кеткен.

Сәкен Бараханов:

- Тегін отырғызылған жоқ қой. Бәрі ақшаға келді. Қыруар қаражат кетті. Қарау керек, тексеру керек, көру керек. Мүмкін құрт түсіп жатқан шығар. Міне, қараңыз, мынада жан жоқ. Бұл қайтып көгереді? Егер көгеретін болса, мына жағы көкпеңбек болу керек. Бұл қурап кеткен.

Этносаябаққа қарағайдың үш түрі егілген. Соның ішінде «Эльдар» қарағайы ғана қурап жатыр дейді мамандар. Себебі, будандастыру арқылы Өзбекстанда өсірілген бұл ағаш ыстыққа төзімділігі үшін сатып алынған. Бірақ күннің көзін жақсы көретін қарағай биылғы қыстың аязына шыдамай үсіп кеткен. Агрономдар күзден бері еңбектеніп, ауру болған қылқанжапырақтыларды аман алып қалдық дейді. Десе де әр көшеті он мың теңге тұратын 700-ге тарта қарағай бірер айда кесіліп, отынға айналатын болды. Әйтпесе шіріген ағаштарға түскен құрт жанындағы сау қарағайларды жайпайды деп отыр.

Әбілқайыр Оңғар, Шымкент қаласы, Жайлы ортаны дамыту басқармасы басшысының орынбасары:

- Енді кез келген нәрсенің табиғи апаты болады ғой. Біз бұл жерде бүкіл жағдайды жасап, қазір 85-87 пайызын аман алып қалып отырмыз. Енді кейде болады ғой, адамдарда да осындай ауру келгенде шығын болып тұрады. Сол сияқты біз де қолдан келгенше бәрін жасап жатырмыз. Экологтар бар, агрономдар бар, тиісті мамандардың бәрін жұмылдырып, 24 сағат бақылауда ұстап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде