{metadescription}
Риддердегі жылу қазандықтары күрделі жөңдеуден өткізіледі
Риддердегі жылу қазандықтары күрделі жөңдеуден өткізіледі

Риддердегі жылу қазандықтары күрделі жөңдеуден өткізіледі

Риддердегі тозығы жеткен жылу қазандықтары биылдан қалмай күрделі жөңдеуден өткізіледі. Алайда, құрылыстың нақты қашан басталатыны белгісіз.

Дегенмен облыс басшысы алты қазандықты қалпына келтіруге қаржы жағынан мүмкіндік барын айтып отыр. Тіпті қажет жабдықтардың бір бөлігі сатып алынған екен. Десе де жылу орталықтарының қарызы үш миллиард теңгеден асып кеткен.

Былтыр күзден бері Риддердегі жылу қазандықтарында 60-тан астам апат болған. Соның салдарынан қала тұрғындары қыс бойы суық пәтерде қалтырап тоңып шықты.  Жағдай тағы қайталанбас үшін әкімдік стратегиялық нысанды коммуналдық меншікке беріп, күрделі жөңдеуден өткізбекші.

Даниал Ахметов, ШҚО әкімі:

- Еліміздің энергетикалық объектілерін мемлекет меншігіне алу туралы заң әзірленуде. Оны қабылдағаннан кейін Риддер ЖЭО коммуналдық меншікке берілуі мүмкін. Жаңа жылыту маусымында төтенше жағдай болмауы үшін 15 қыркүйекке дейін барлық жөндеу жұмысы аяқталуы керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде