{metadescription}
Министр: Абай облысындағы орман өрті – құрғақшылықтан
Министр: Абай облысындағы орман өрті – құрғақшылықтан

Министр: Абай облысындағы орман өрті – құрғақшылықтан

"Адами фактор емес". Абай облысындағы орман өртін төтенше жағдайлар вице-министрі құрғақшылықпен байланыстырды. Айтуынша, көрші Ресейде де осы күндері табиғи фактор әсерінен дала өрті тіркелуде. Яғни сол жақтан тұтанған өрт желдің күшімен «Семей орманы» мемлекеттік табиғи резерваты аумағына өткен.

Ибрагим Күлшімбаев, ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бірінші орынбасары:

- Бүгінде ахуал тұрақты. Керекті құрал, күштер сол жаққа жіберілген. Әр министрліктен, тек төтенше жағдайлар министрлігінен емес. Қорғаныс министрлігінің тікұшақтары да бар, жеке құрамы бар. Тағы екі ұшақты Алматыдан, Тараз жақтан жібереміз.

Өртпен күреске қазір 10 тікұшақ жұмылдырылған. Жалпы алдағы уақытта осындай алапат өрттің алдын алу шарасын күшейтуге Үкімет қомақты қаржы бөлгелі отыр. 623 миллион теңгеге тікұшақтарға арналған 26 жаңа су шашу құрылғысы сатып алынады. Ол қала маңындағы аумақтармен бірге, республиканың шалғай аудандарында да қолданылады. Құрылғы 10-15 секундта бес тонна су жинап, оны алты секунд ішінде төге алады. Яғни өртті ілезде сөндіруге мүмкіндік береді. Құтқарушылардың әуе паркі өрт сөндіру мен адамдарды қауіпті аймақтардан эвакуациялауға арналған Ми-8 тікұшақтарымен де толықтырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қыркүйек

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде