{metadescription}
Көңілдесін неге пышақтағанын сотта айтып берді
Көңілдесін неге пышақтағанын сотта айтып берді

Көңілдесін неге пышақтағанын сотта айтып берді

Отбасылы екенін жасыру үшін жақында ғана танысқан көңілдесін пышақтап тастаған. Ақтөбе облысының әкімдігінде жұмыс істейтін әйелді азаптап өлтірген күдікті сот алдында жауап бере бастады.

Бүгінгі алғашқы отырыста 29 жастағы жігіт қанды қылмысқа неге барғанын айтып берді.

- Отбасымды жоғалтып аламын ба деп қорқып, сондай әрекетке бардым. Машинада, алдыңғы жағында тұрғанда пышақтадым. Артқа қарап тұр еді. Оң жағынан тықтым. Содан кейін көз жұмып тыға бердім. Қай жеріне пышақ тыққанымды білмеймін.

Оқиға осыдан үш ай бұрын болған. Сотталушы 46 жастағы әйелмен «бойдақпын, бұрын ажырасқанмын» деп танысыпты.  Осылайша екі күн қатарынан жұмысынан күтіп алып жүріпті. Соңғы кездесуінде марқұм күдіктінің отбасылы екенін ұялы телефонындағы суреттерден біліп қойған. Осыған ашуланған 29 жастағы жігіт тартпада жатқан пышағын алып, әйелді 35 жерінен жарақаттаған. Онымен қоймай, мәйітін жүк салғышқа бүктеп салып, екі күн бойы жүріпті. Сот барысында сотталушы адам өлтіргенін мойындап отыр. Қылмыс жасағанын тәртіп сақшыларынан жасырып, тығылып жүргенін де айтып берді.

Елдар Әбиев, мемлекеттік айыптаушы:

- Артынан ешкім көріп қоймасын деген оймен жүк салғышына қолаяғын бүктеп салып, оқиға орнынан бой тасалаған және 2023 жылдың 25 ақпанына дейін, полиция қызметі әрекетін әшкерелегенге дейін мүрдені автокөліктің жүк салғышында сақтаған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.