Шенеуніктер: Бетон төсемді күтіп ұстау – асфальт жолдан гөрі қымбат
Қазақстан жолды бетоннан салудан бас тартпайды. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бұған дейінгі тараған ақпаратты жоққа шығарды. Яғни, ол кезде бетон жолдың шығыны тым көп екені айтылған.
Автор: Мерей Қалиасқар
25.05.2023
Шенеуніктер бетон төсемді күтіп ұстау – асфальт жолдан гөрі қымбаттырақ екенін растап отыр. Климат ерекшелігіне қатысты қиындықтар мен қажет материал тапшылығы тағы бар. Дегенмен бұл бетоннан түбегейлі бас тартуға негіз емес екен. Барлық факторды ескеріп, бетон төсеуді жалғастырамыз дейді Жол комитетіндегілер.
Нұртілек Хасенов, ҚР Автомобиль жолдары комитетінің бас маманы:
- Бас тартпаймыз. Себебі, бетон жолдың асфальт жамылғысына қарағанда қолдану мерзімі ұзақ. Мердігер мекемелердің кәсіби шеберлігі олардың тәжірибесіне көп нәрсе байланысты. Біз екі асфальт жамылғысын да, цементбетон жамылғысын да қатар қолдану мүмкіншілігіміз бар. Қазір де, болашақта да. Әрі қарай қолдануда ғыылыми жұмыстарды, технологияны тарту бойынша арнайы сарапшы мамандарды осында әкеліп, жұмысты жалғастырамыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!