{metadescription}
Абай облысындағы орман өрті сөндіріліп, 277 тұрғын үйіне оралды
Абай облысындағы орман өрті сөндіріліп, 277 тұрғын үйіне оралды

Абай облысындағы орман өрті сөндіріліп, 277 тұрғын үйіне оралды

Абай облысындағы орман өрті ауыздықталды. Өрт сөндірушілер от бықсыған жерлерге су сеуіп, құммен көміп жатыр. Ал туған-туысын паналап кеткен 277 адам үйіне оралып жатыр. Ал жедел штаб өкілдері арқаны кеңге салуға әлі ерте,- дейді.

Қазір Ресейдің Алтай аймағынан тұтанған алапат өрт тежелді. Дегенмен мамандар арқаны кеңге салуға ерте деп отыр, Жұмылдырылған 10 тікұшақ өртенген орманды көктен бақылап жүр. Өйткені жел екпінінен от қайта тұтануы мүмкін.

Шипажай Березовка ауылы өрт құшағында қалған еді. Екпінді желден күш алған өрт елдімекенді күлге айналдыра жаздады. Тұрғындардың айтуынша, қызыл жалын баспаналарға бір шақырым ғана жетпей қалған.

Гүлжан Аданбекова:

- Өртті көргенде қатты қорықтық. Өмірі ондайды көрмегенбіз. Қайда жүгіретінімізді білмедік. Бірақ үйге полиция қызметкерлері келіп сабырға шақырды. Бізге «ақырындап жиналыңыздар» деді.

Алапат өрттен үрейі ұшқан 277 тұрғын үш тәуілікке туған-туысын жағалап кеткен еді. Қауіп сейілген соң жұрт үйіне оралып жатыр. Ал 50 жыл бұрын отырғызылған қарағайлы орманның үш жарым мың гектары жанып кетті.

Мақсат Елемесов, Абай облысы орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекция басшысы:

- Қарағай шамамен 200 жыл өмір сүреді. Орманды қалпына келтіру үшін алдымен сол аумақты тазарту керек. Өртенген алаңды дайындау қажет. Бұған уақыт керек. Ал әзірге аңқұстың қырылу фактісі тіркелмеді.

Көмекке келген  Астана мен Қарағанды және Павлодар облыстарының өрт сөндірушілері де үйіне аттанды. Өртпен 201 техника, 10 тікұшақ, бір өрт сөндіру пойызы және 900 адам күрескен. Қазір тек, өңірқұтқарушылары мен тікұшақтар ғана өртенген алқапты күзетуге қалды. Олар бықсыған жерге су сеуіп, топырақпен көміп жатыр.

Димитрий Гариков, жедел штаб басшысы:

- Өрт ошақтарын қарауылдау және анықтау жүргізіліп жатыр. Бүгін таңертең түтіндеп, бықсып жатқан 10 жер анықталды. Оны дер кезінде сөндіріп тастады. Сондықтан өртенген алқапты бақылауда ұстау қажет. Толық сөнгенше қауіпсіздік шарасын қолға аламыз.

Отқа оранған алқаптағы жалын ошақтары түгел сөндірілді. Өрттен келген шығын көлемі әзірге белгісіз. Ал Бородулиха ауданында жарияланған төтенше жағдай әлі сақталуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде