{metadescription}
Электрсамокатты басқаруға қатысты бірқатар ұсыныс айтылды
Электрсамокатты басқаруға қатысты бірқатар ұсыныс айтылды

Электрсамокатты басқаруға қатысты бірқатар ұсыныс айтылды

Электрсамокат жылдамдығын саябақ аумағында автоматты түрде бәсеңдетуге болады. Ішкі істер министрлігі көлік құралын бақылаудың жан-жақты тәсілін қарастыруда. Астанада өткен жолдағы қауіпсіздікке жаңа технология пайдалану форумында электрсамокат басқаруға қатысты бірқатар ұсыныс айтылды.

Мәжілісте қабылданған құжат аясында, бұдан былай электрсамокат тротуарда және жаяу жүргіншілер жолағында жүре алады. Дегенмен жылдамдығы сағатына алты шақырымнан аспауға тиіс. «Заң жобасы күшіне енгеннен кейін самокаттарды жаңа технология арқылы бақылау мүмкіндігін жетілдіреміз» - дейді ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепёха. Ал "Сергекті" жасаушылар самокат жылдамдығын қадағалауға, одан қалды көлік құралын тізгіндеген адамның деректерін анықтауға да камера мүмкіндігі жетеді деп отыр.

Әсет Ахметов, Sergek Group бас директоры:

- Қазір өңдеп жатыр. Заңды күтіп отырмыз. Өйткені нақты заң жоқ. Самокатты жалға беретін компания мен Үкімет сол заңды шығарғаннан кейін біз бағдарлама жүйесін реттейміз. Мә, самокаттарда нөмір жоқ, бірақ оны жалға беретін фирмаларда сол самокататардың Jps-ы бар. Және де біз сол самокатты камераға түсірсек, сол жүйе арқылы оның кім екенін анықтай аламыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.