Алматыда сегіз мектеп «жарылғыш қойылды» деген хабарлама алған
Жарылғыш зат қойылды. Алматыда сегіз бірдей мектептің электронды поштасына бір уақытта осындай хабарлама келген. Белгісіз біреудің қауіпті хаты оқушылар мен ұстаздарды қатты дүрліктірді.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
26.05.2023
Білім мекемелеріне арнайы қызмет өкілдері шұғыл жетіп, мұғалімдер мен балаларды сыртқа шығарды. Ал кинологтар мен сапёрлар мектептің іші-сыртын ұзақ тінтіп, ақыры ештеңе таппады. «Мектептердің күлін көкке ұшырамын» деген ақпар таратқан қаскөйлер іздестіріліп жатыр. Олардың мұндай хабар жіберуіне не түрткі болғаны әзірге белгісіз. Жалған хабарлама таратқандар қолға түсіп, кінәсі дәлелденсе, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!