{metadescription}
Гиннесс: Ультрамарафоншылар Ақтауға жетті
Гиннесс: Ультрамарафоншылар Ақтауға жетті

Гиннесс: Ультрамарафоншылар Ақтауға жетті

Сегіз мың шақырымды жүгіріп өткен ультрамарафоншылар Ақтауға жетті. Олар Қазақстанның Гиннесс кітабына елімізде алғаш боп үлкен қашықтықты еңсергендер ретінде енді.

Астанадан бір ай бұрын шыққан марафоншылар Ақтауға жеткенше Қазақстанның 20-ға жуық қаласы мен 100-ден аса елдімекенінен өткен. Марафоншылардың әрқайсысы қымбат төрт-бес аяқ киім тоздырғанын айтады. Nomad run жобасы елімізде алғаш рет ұйымдастырылған. Бес адамнан құралған марафоншылардың ең жасы 33-те болса, ал ең үлкені 55 жаста. Команда мүшелері мұнымен тоқтап қалмай, алдағы уақытта Меккеге дейін жүгіріп баруды жоспарлап отыр. Жоба мақсаты – халық арасында салауатты өмір салты мен бұқаралық спортты насихаттау.

Меңдібай Әлімғазин, Nomad run ультрамарафоншылар жобасының қатысушысы:

- Бір ғана аяқ киім қалды. Міне, бұл да тозды. Мынадай болып желініп қалады. Асфальт жеп қояды. Мынаны 85 мыңға алып отырдық. Осыған 30 күн өтті, жүгіруге. Бәріміз амансау жеттік. Қасыма ерген командаға рақмет айтамын! Қолдаушымызға көп-көп рақмет! Халықтың арқасында білінбеді. Осында жеткенше халық қолдап келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде