{metadescription}
Қазақстан Ресей мен Беларусь Одағына кірмейді
Қазақстан Ресей мен Беларусь Одағына кірмейді

Қазақстан Ресей мен Беларусь Одағына кірмейді

Қазақстан Ресей мен Беларусь Одағына кірмейді. Бүгін Солтүстік Қазақстан облысындағы шаруалармен кездескен Қасым-Жомарт Тоқаев, Александр Лукашеноконың «ядролық қаруды бірге қолданайық» деген ұсынысына жауап берді.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Бірер күн бұрын Беларусь президенті Александр Лукашенко Қазақстанға одақтас мемлекеттер құрамына кіруді ұсынды. Мен әзілін жоғары бағаладым. Менің ойымша, бұған қажеттілік жоқ. Өйткені басқа интеграциялық бірлестіктер, ең алдымен, Еуразиялық экономикалық одақ бар. Ядролық қаруға келетін болсақ, ол бізге қажет емес. Біз ядролық қаруды таратпау туралы шартқа және ядролық сынақтарға тыйым салу туралы келісімге қосылдық.

Президент Қызылжар өңіріне сапарын ең алдымен егіс алқабынан бастады. Шаруалармен кездесіп биылғы науқанның барысын бақылады. Диқандардың тек елді бидаймен қамтып қоймай, экспорт сұранысынап ие өнім өндіріп жатқанын атап өтті.

Сүт фермасында болып, кешендегі жаңа технологияны көріп шықты. Елдің әлеуетін көтеру үшін Еуразиялық экономикалық одақты тиімді пайдалану қажеттілігі сөз болды.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының президенті:

- Ресей Федерациясымен шекара бойында орналасқан біздің Солтүстік Қазақстан облысының стратегиялық маңызы зор. Біз ЕАЭО аясында да, екіжақты деңгейде де кедергісіз сауда мен тауар алмасу ісін қамтамасыз ету үшін тұрақты келіссөз жүргіземіз. Жуырда Мәскеуде ЕАЭО Жоғары Кеңесінің отырысы өтті. Жиында, ең алдымен, өзара экономикалық ісәрекет, интеграция, ынтымақтастық мәселесімен айналысу қажет екені айтылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 шілде

05 шілде

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.