{metadescription}
Қытаймен визасыз барыс-келіс екі-үш айда жандандырылады
Қытаймен визасыз барыс-келіс екі-үш айда жандандырылады

Қытаймен визасыз барыс-келіс екі-үш айда жандандырылады

Қытаймен визасыз барыс-келіс екі-үш ай ішінде жандануы мүмкін. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Бастысы, екі ел басшылары арасында келісім бар. Енді Үкімет деңгейінде құжат қабылдануы қажет. Ал бұл процесс біршама уақыт алатыны белгілі дейді ресми өкіл Айбек Смадияров.

Айбек Смадияров, ҚР СІМ ресми өкілі:

- Екіүш айда болуы мүмкін. Өз тарапымыздан, қазақстандықтар тарапынан тездетуге тырысамыз. Қытай тарапынан да жауап күтеміз. Мемлекет рәсімдерін аяқтау керек. Біздің тараптан осы келісімді бекіту туралы Үкімет қаулысы қабылдануы керек. Қаулыны қабылдау үшін біраз уақыт керек.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың осы айдағы Қытайға мемлекеттік сапары аясында бірқатар құжатқа қол қойылған еді. Соның бірі – екі ел арасындағы виза талаптарынан өзара босату туралы келісім. Бұл құжат қытайлықтардың біздің ел аумағында бір ай бойы жүріп-тұруына мүмкіндік береді. Біздің ел азаматтары да Қытай елінде 30 күн кедергісіз жүре алады.

Қазір Қазақстан 50-ге тарта мемлекетпен визасыз байланыс орнатқан. Оның арасында бірқатар Еуропа, Оңтүстік Америка мен Азияның елдері қамтылған. Визасыз режимнің аясында жұмыс істеп, Қазақстанда тұрақтап қалуға болмайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде