{metadescription}
Зейнеткерлер үй алуға, емделуге қор қаражатын жұмсай алады
Зейнеткерлер үй алуға, емделуге қор қаражатын жұмсай алады

Зейнеткерлер үй алуға, емделуге қор қаражатын жұмсай алады

Зейнеткерлер енді үй сатып алуға немесе емделуге жинақтаушы қордағы қаражатты түгел жұмсай алады. Бірақ бәрі бірдей емес, тек еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы алып жүрген азаматтар ғана. Бұл санатқа негізінен әскерилер, құқық қорғау органдарында істеген азаматтар кіреді.

Мұрат Шәріпов, БЖЗҚ АҚ басқарушы директоры:

- Біріншіден, әскери қызметте зейнетке жеткендер 45 жастан бастап шығады ғой, құқық қорғау органдарында жұмыс істеп, зейнетақы алып жатқан азаматтар, прокуратура саласында, фельдшер қызметінде және ішкі істер органдарының медицина саласында істеген азаматтар. Сол кісілер кіреді.  

Қордағы бар қаражатты шешіп аламын деп, банкке ұмтылудың қажеті жоқ. Барлығы электронды платформада жүзеге асырылады. Ал қордағы қаражатын түгел пайдалануға елімізде небәрі 75 мыңнан астам зейнеткердің мүмкіндігі бар. Ал өзгелерге жинақ қаржысын пайдалану мәселесі осыдан екі жыл бұрын енгізілген. 2021 жылдың бірінші қаңтарынан бастап кез келген тұлға зейнетақы қорындағы шектік мөлшерден асқан ақшаны үй алуға  немесе емделу мақсатында пайдалана алады. Ал жаңа бастама зейнетке ерте шығатын сала қызметкерлерін қамтыпты.

Сәкен Ділдахмет, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз хатшысы:

- Қарулы күштерде жұмыс істеген зейнеткерлер, яғни әскери азаматтар өзінің еңбек сіңірген жылдары үшін қалған зейнетақы сомасын толықтай алуға мүмкіндік бар. Тек екі мақсатта – тұрғын үйін жақсарту, емделу. Бұның барлық ережесі enpfotbasy.kz сайтына өту арқылы өтінім тапсырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде