{metadescription}
Педофилдерге химиялық кастрация жасалуы мүмкін
Педофилдерге химиялық кастрация жасалуы мүмкін

Педофилдерге химиялық кастрация жасалуы мүмкін

Қазақстанда педофилдерді жазалаудың әдісі өзгеруі мүмкін. Нақтырақ айтсақ, бұдан былай оларға бостандыққа шығар алдында химиялық кастрация жасалады.

Себебі түрмеде отырған уақытта олар қоғамға қауіп төндірмейтін болғандықтан, мамандар антиандроген препаратты қылмыскердің жазасы аяқталуға алты ай қалғанда, оның ағзасына енгізуді ұсынып отыр.

Мейрам Аюбаев, ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары:

- Химиялық кастрация ерлер гормондарының немесе андрогендердің деңгейін төмендетеді. Сотталған адамның мерзімі аяқталуға алты ай қалғанда мекеме әкімшілігі сотқа сараптама тағайындау туралы өтініш хат береді. Оның балаларға жыныстық құмарлығы баржоғын анықтау үшін психиатриялық сараптама тағайындалады. Егер сараптама мұны анықтаса, онда оның тұрғылықты жерінде химиялық кастрация жасалынады.

Балаларға жыныстық сипатта зорлық көрсеткен қаскөйлерге химиялық кастрация жасау туралы қаулы 2018 жылдан бастап қолданыста. Аталмыш  бап бойынша жазасын өтеп жатқандардың әрқайсысына Үкімет жыл сайын бюджеттен 120 мың теңге қарастырады. Себебі химиялық кастрацияға арналған препараттың бір құтысы 4 мың теңге төңірегінде.

2022 жылы елімізде 31 адамға химиялық кастрация жасалған. Бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда алты адамға артық. Осыған дейін педофилдердің химиялық піштіруіне бөлінген жыл сайынғы бюджет 3 миллионды құраса, биыл, 2023 жылы, бұл соманы бес есеге арттырмақшы.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде