{metadescription}
Семейдегі орман өртін дер кезінде ауыздықтауға техника болмаған
Семейдегі орман өртін дер кезінде ауыздықтауға техника болмаған

Семейдегі орман өртін дер кезінде ауыздықтауға техника болмаған

Ормандағы өртті сөндіруге техника жетіспейді. Бүгін Семейге барған экология министрі үш жарым мың гектар аумақты шарпыған жалынды дер кезінде ауыздықтауға дәрменсіз болғанын мойындады. Өйткені орманға жауапты мекемеде өртке қарсы техникамен оны ерте анықтайтын құрылғы жоқ.

Өткен аптада Бородулиха ауданында болған алапат өртті сөндіруге орманшылардың техникасы болмаған. Астана, Павлодар және Қарағанды облыстарынан қосымша күш келгенше, өрт үш мың гектар аумақты күлге айналдырған.

Бүгін өрт жалмаған өңірге барған экология және табиғи ресурстар министрі өртпен күресуге қауқарсыз екенін мойындады. Зүлфия Сүлейменованың айтуынша, арнайы техникадан бөлек, өртті дер кезінде анықтайтын құрылғы да жетіспейді. Бұл оқылықтың орнын толтыру үшін мемлекет тарапынан қаражат бөлінетінін айтты. Тек қанша техника мен өртті анықтайтын құрылғының сатып алынатыны әзірге белгісіз. Қазір алапат өрттен келген шығын мен қанша аң-құстың қырылғанын арнайы комиссия анықтап жатыр.

Зүлфия Сүлейменова, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі:

- Біз қайта жабдықтаймыз. Өрт сөндіруге қажетті қосымша жабдық сатып аламыз. Сонымен бірге ерте анықтау жүйелерін орнатуға қаражат бөлінеді. Өйткені "Семей орманы" мекемесі экология министрлігінің құзретінде. Бұл мәселені дереу шешеміз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

04 қазан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде