{metadescription}
Әкімдік алдында шенеуніктерге бір көлік қоқысты шашты – Түркістан облысы
Әкімдік алдында шенеуніктерге бір көлік қоқысты шашты – Түркістан облысы

Әкімдік алдында шенеуніктерге бір көлік қоқысты шашты – Түркістан облысы

Түркістан облысындағы ең үлкен ауыл қоқысқа көміліп жатыр. Тазалыққа жауапты компания қоқыс шығармай, 60 мыңнан астам тұрғыны бар Қарабұлақ ауылындағы көшелер ластанып жатыр. Жазда иісі мүңкіген қалдықтарды тұрғындар өз күшімізбен полигонға тасимыз дейді.

Ал мердігер компания халық қоқыс шығаруға ақша төлемейді деп жазғырды. Сондықтан тазалық жұмыстары саябырсыған. Ашулы тұрғындардың жанайқайын КТК тілшісі біліп келді.

60 мыңнан астам тұрғыны бар Қарабұлақ пен маңындағы Арыс ауылында соңғы жылдары қоқыс жиналмайтын болған. Кей көшеге қалдық жинайтын жүк көлігі бір айда келсе, кейбіріне тіпті бас сұқпайды. Қоқыс тау болып үйілгенде тұрғындар жалдамалы көлік шақырып, қалдықтарды полигонға өзіміз апарамыз дейді. Ауылдың қоқысын тазалауға тиіс компания бес жыл бұрын жұмысына кіріскен. «Алайда тарифі қымбат, жұмысы салақ» - дейді тұрғындар.

Полатжан Хайдаров:

- Басында 400 теңгеден төлейтін едік. 800 теңгеге шығарды, сонда да қоқыс шығармайды. Ауылдың бәрі толған қоқыс. Қоқыста өмір сүріп жатырмыз. Ондай компанияның не керегі бар? Одан гөрі шығарып тастасын немесе дұрыс компания келсін. Ақшасын төлеп жатырмыз.

Қоқысқа көмілдік деген жұрт ауыл әкімі мен қоқыс шығарушы компания басшыларына хат жазыпты. Бірақ еш нәтиже болмаған. Сондықтан ашулы жұрт көшедегі қоқысты көлікке тиеп, әкімдіктің алдында тұрған шенеуніктер мен мердігерлерге шашты.

Ал тазалыққа жауапты компания басшысы бес жылдан бері тек шығынмен істеп жатырмыз дейді. Өйткені тұрғындар қоқыс шығаруға ақы төлемейді екен. Алдайда ауылдың қанша қарыз екенін ашып айта алмады.

Ағабек Жанбеков, «Медина-Н» компаниясының өкілі:

- Біз халықпен жұмыс істеп, ақшасын төлесе, камАЗ жүріп жатыр. Қазір біздің көлік тоқтап қалған жоқ, әлі жұмыс істеп жатыр. Төрт техникамыз бар: екі Газ23. Екі КамАЗ. Бірақ ақшасын төлемегендіктен, ақшамыз жоқ. Сондықтан бір ғана КамАЗ-бен қызмет көрсетіп жүрміз.

Шенеуніктер қазіргі мердігердің техникасы жетіспейтінін айтады. Ауданда күл-қоқыс тазалаудың жаңа тарифін бекітіп, тендерді қайта өткізбекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде