{metadescription}
Қазақстан президенті Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады
Қазақстан президенті Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Қазақстан президенті Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Тайып Ердоғанды президент сайлауындағы жеңісімен құттықтады. «Елдерімізді тарихи достық және ынтымақтастық байланыстар біріктіреді. Осы жан-жақты ынтымақтастық стратегиясы одан әрі дами береді», - деді президент туиттердегі парақшасында.

Саяси додаға түскен кандидаттар жеткілікті пайыз жинамағандықтан, екінші кезеңі өткізілген еді. Күні кеше Түркиядағы президентті сайлаудың алдын ала нәтижесі жарияланды. Барлық учаске, шетелдегі өкілдіктер мен шекара бекеттеріндегі бюллетеньдердің 99,43 пайызы өңделді. Нәтижесінде Ердоған 54,47 пайыз, ал оның қарсыласы Кемал Кылычдароғлы 47,86 пайыз дауыс жинады. Бұл қорытындыға қарап, Режеп Тайып Ердоған Түркияның жаңа президенті деп айтуға толық негіз бар. Соңғы нәтиже бойынша, Кылычдароғлыдан Ердоғанның екі миллионға дауысы көп. Сайлаудың ресми қорытындысын Түркияның Орталық сайлау комиссиясы 1 маусымда жариялайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде