Кореяда тағы да үш отандасымыз жазалануы мүмкін
Кореяда тағы да үш отандасымыз жазалануы мүмкін. Бұл жолы қазақстандық екі бойжеткен жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын шығарып есірген. Екі қызбен қоса көлікті тізгіндеген 40 жастағы азаматқа қатысты да тергеу жүргізіліп жатыр.
Автор: Салтанат Шырынхан
29.05.2023
Оңтүстік Кореяның ақпарат құралдарында айтылғандай, 27 және 22 жастағы қос бойжеткен Инчхон қаласында өрескел әрекетке барған. Олар өздерінің ерсі қылығын құрбымыздың сәбилі болғанын естіп, қатты қуанғанымызды жасыра алмадық деп түсіндіріпті. Сондай-ақ түсініктемеде «елімізде мұндай әрекетке еш жаза қарастырылмайды» деген. Жол ережесін бұзған отандастарымызды қандай жаза күтіп тұрғаны әзірге белгісіз. Қазір үшеуі де қамауда отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!