{metadescription}
Құлсарыда көпбалалы аналар құрылысы аяқталған үйге кіре алмай жүр
Құлсарыда көпбалалы аналар құрылысы аяқталған үйге кіре алмай жүр

Құлсарыда көпбалалы аналар құрылысы аяқталған үйге кіре алмай жүр

Құлсарыда көпбалалы аналар құрылысы аяқталған үйдің кілтін ала алмай жүр. Қазынадан 8 миллиард бөлініп, 2018 жылы басталған 100 пәтерлік үш үйдің құрылысы бес жылға созылған. Қомақты қаржыға салынған тұрғын үй сапасыз болып, әкімдік пен мердігер соттасып жатыр.

Соның салдарынан баспанаға мұқтаж жүздеген отбасы жылдар бойы жалдамалы пәтерде жүр. 

Құлсары қаласында 2018 жылы көпбалалы аналарға арналған үш тұрғын үйдің құрылысы басталған. Келісімшарт бойынша мердігер екі жылда баспаналарды тапсыруы тиіс болған. Сол жылдары әкімдік аудандағы тұрғын үй кезегінде тұрған көпбалалы аналар мен әлеуметтік осал топтағыларға «жаңа пәтер береміз» деп құжаттарын жинап алған. Жағымды жаңалыққа қуанған отбасылар жүгін жинап, жаңа үйдің біткенін асыға күтеді. Алайда түрлі себеппен баспана құрылысы бес жылға созылып кеткен.

Гүлназ Қашабаева:

- Былтырдан бері қарай желтоқсанда, қаңтарда, сосын наурызда береді деді. Оны да күттік. Енді кеше Жылыой ауданы ТШО-ның 30 жылдығы болды. Біз соған да үміттендік. 30 жылдыққа беріп қалар деген үмітпен. Құр концерт пен балмұздақ таратқаны керек емес. Біз мына үйдіңь жанынан өткен сайын, көзімізге сүйел болды. Бітіп тұрған үй неге берілмейді? Беріп-бермейтінін айтсын!

Кәмшат Отарбаева:

- Үй аламыз деп, неше жыл жыл бойы жүрдік, екі жыл құрғақ уәдемен жүрміз. Әкімге де, тұрғын үй коммуналдықшаруашылығына да барады. Құр сөзбен шығарып салады. Айлар өтіп жатыр, жылдар өтіп жатыр. Мына адамдар көпбалалы аналар.

Жиналғандардың шағымын тыңдауға әкімдік өкілдері де келді. Шенеуніктер әкімдік пен мердігер соттасып жатқанын жеткізді. Өйткені компания құрылысты сапасыз салған. Жоғарғы қабаттарға су көтерілмейді, қазандықтар опырылып жатыр, үй айналасындағы тас жолдар да талапқа сай емес дейді олар. Осындай олқылықтардан кейін жергілікті билік  бұл тұрғын үйлерді қабылдап алудан бас тартқан. Құрылыстың  кешігуіне пандемия да әсер етті деп ақталуда.

Дархан Сәдуов, Жылыой ауданы құрылыс бөлімінің басшысы:

- Жаңа шықан өзгертуге байланысты құрылыс 2023 жылдың 31 қаңтарында аяқталуға тиіс болатын. Бірақ мердігер мекеме мерзімінде бітірмеуіне байланысты қазір экономикалық сотқа талапарыз жолданды. «Жосықсыз мердігер» деп тануға және тұрақсыздық айыбын өндіруге. Қазір сот жүріп жатыр.

Әкімдік мердігерге әлі 1 миллиард 100 миллион теңгесін аудармаған. Өйткені сот «Каспий кадрлық ассоциациясы» құрылыс компаниясын жосықсыз деп таныса, қалған жұмысқа тағы тендер жарияламақ. Ал сапасыз үй салған серіктестік тапсырыс берушінің талабы орынсыз деп, сотқа кері бергенін айтты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде