{metadescription}
Оралда қылмыстық атқару жүйесі департаменті тұрғындардың зәре-құтын қашырды
Оралда қылмыстық атқару жүйесі департаменті тұрғындардың зәре-құтын қашырды

Оралда қылмыстық атқару жүйесі департаменті тұрғындардың зәре-құтын қашырды

Оралда қылмыстық атқару жүйесі департаменті оқу-жаттығу өткіземіз деп, жергілікті халықтың зәре-құтын қашырды. Әлеуметтік желіде түрмеден бірнеше қауіпті қылмыскер күзетшіні өлтіріп қашып кетті деген ақпарат тараған. Кейін бұл қауесеттің өтірік екені айтылды.

Алайда бұл деректі шын деп қабылдаған тұрғындар бір-бірін ақпараттандыруға жанталасады. Кейбірінің қорыққаны сонша, баласын  мектепке, балабақшаға жібермей, үйден шықпай отырған. Көп ұзамай түрме басшылығының ақталуына тура келді. Айтуынша, бұл құзырлы орындардың бірлесуімен арнайы ұйымдастырылған шара екен. Әрі оны өзінен басқа ешкім білмеуге тиіс болған. Құжаттың желіге қалай тарап кеткенін өздері де түсінбей жатыр.

Бағлан Ойықбаев, БҚО ҚАЖД №27 мекеме бастығы:

- Оқужаттығу мақсатымыз – сотталғандарды күзеттен қашып кеткен жағдайда жеке құрамды жедел және шешуші әрекетке үйрету. Өзара әрекеттестікті құққық қорғау органдарымен бірлесіп арнайы іс шараларды өткізуде практикалық дағдыны жетілдіру болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.