Ірі қалаларда порностудия ұйымдастырғандар сотталды
Қазақстанның ірі қалаларында порностудиялар ашып, арам ақша тапқандарға Шымкентте сот үкімі оқылды. Сотталушылардың арасында Қырғызстан азаматтары да бар. Ал трансұлттық қылмыстық топтың басшысы небәрі 25 жаста екен.
Автор: Бек Әбиев
29.05.2023
2021 жылы шымкенттік полицейлер әлеуметтік желі арқылы онлайн порнография таратумен айналысқандарды әшкерелеген. Олардың ізіне түскен сақшылар жарты жылдан кейін Астана, Алматы, Шымкент қаласы мен бес Қырғызстан азаматын ұстаған. Азғындар еліміздің ірі қалаларында 10 бірдей веб-студия ашып, ол жерде 50 қызды жұмысқа тартқан. Арасында екі кәмелетке толмаған бойжеткен бар. Тәнін онлайн саудалап, көл-көсір пайда тапқан қыздар бұл істе тек куәгер ретінде жауап берді.
Талғат Әбуов, Шымкент ПД тергеу басқармасы бастығының орынбасары:
- Порнографияны онлайн таратумен айналысқан ұйымдасқан қылмыстық топтың басшысы 12 жылға сотталды. Ал қылмыстық топ мүшелері 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылды. Бұл іс ПД басшылығы мен прокуратураның ерекше бақылауында болды. Тергеу тоғыз айға созылды. Тергеушілер ұйымдасқан топтың басшысы мен оның мүшелерінің кінәсін толық дәлелдеді. Олар ҚР ҚК 5-бабына сәйкес сотталды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!