Б. Момышұлы атындағы «Жас ұлан» мектебіне 40 жыл толды
Алматыда Бауыржан Момышұлы атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне 40 жыл толды. Әскери мамандарды даярлауға арналған білім ордасы осы уақытқа дейін 6 жарым мыңнан астам түлекті оқытқан.
Автор: Толғанай Қажығұмарова
29.05.2023
Арнаулы күнге мектеп әкімшілігі ашық алаңда салтанатты іс-шара өткізді. Жиынға қорғаныс саласының ардагерлерімен қатар, білім ошағына аты берілген батыр Бауыржан Момышұлының келіні, этнограф, жазушы Зейнеп Ахметова да арнайы келді. Жиналған қауым Халық қаһарманының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, әскери қақтығыстарда қаза тапқан мектеп түлектерін бір минут үнсіздікпен еске алды. Мерекеде кадеттер өз өнерін ортаға салды. Кештің негізгі бөлімі аяқталғаннан кейін мектептің мәдени-демалыс орталығында концерт қойылып, мектеп тарихынан сыр шертетін «Жас ұлан мектебіне 40-жыл" атты кітап жарық көрді.
Нұрлыхан Ерекешов, Б. Момышұлы атындағы Алматы республикалық «Жас ұлан» мектебінің бастығы:
- Мектебіміздің осы 40 жылдығына біраз ісшаралар жүргізілді. Оның ішінде ең айтып өтетіні, 40 жылда мектебімізде бірінші рет кітап жазылды. Мектебіміздің редакциясы мектеп ұстаздарының құрамынан және де жеке құрамнан құралды. Мен мектеп бастығының орынбасары, оның ішінде Қарулы күштерінің бас қолбасшысы, еліміздің президентінің айтқан сөздері. Қорғаныс министрінің орынбасарларының, мектеп басшыларының, мектептің құрметті қонақтарының, мектепке келген қонақтардың сөздері ескерілді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!