{metadescription}
Қазақстандықтардың шетел валютасындағы жинағы
Қазақстандықтардың шетел валютасындағы жинағы

Қазақстандықтардың шетел валютасындағы жинағы

Қазақстандықтардың шетел валютасында 4,3 триллион теңгеден астам жинағы бар. Бұл жалпы салымшылардың 30 пайызға жуығы. Еуро құны көтеріліп, доллар төмендеген.

Жалпы елімізде шетел валютасындағы депозиттерде мерзімді салымдардың үлесі басым – 4 триллион теңге. Бұл қазақстандықтардың банкте ұстайтын ақшасының 28 пайызы. Ал резидент еместерді қоса есептегенде 5 жарым триллион теңгеден асады. Бұл елдегі жеке тұлғалардың жалпы депозитінің 33 пайызға жуығы. Статистикаға сенсек, халық өз қаражатын еуро және АҚШ долларымен сақтауды біршама азайтқан. Себебі үш жыл бұрынғы жағдаймен салыстырсақ, қазір бұл көрсеткіш екі есе төмен. Ал шетел валютасына әдеттегідей Алматы мен Елорда тұрғындары көбірек сенім артады екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде