{metadescription}
Жарылыс шығыны 26 миллиардтан асып жығылады – Жамбыл облысы
Жарылыс шығыны 26 миллиардтан асып жығылады – Жамбыл облысы

Жарылыс шығыны 26 миллиардтан асып жығылады – Жамбыл облысы

Жамбыл облысындағы әскери қоймада болған жарылыстан келген шығын көлемі 26 миллиард теңгеден асып жығылды. Бұл сома кімнің мойнына жүктелетіні әзірге белгісіз. Бұл дерек Таразда өтіп жатқан әскери сотта белгілі болды.

Бөрлібай Қайыпов, Шымкент гарнизоны әскери сотының судьясы:

- Ғимарат, техника, оқдәрілер кеткен. Бәрін есептегенде 26 миллиард теңге. Көлемінде ғой.

- Кімнен өндіріледі?

- Енді үкім бойныша ғой, мен қазір айта алмаймын. 26 миллиард тұр. Сот шешімімен белгілі болады. Келесіздер, көресіздер.

Көшпелі сот процесінің өтіп жатқанына екі айға жуықтады. Бүгінге дейін жалпы саны 250 куәгерден жауап алынған. Күніне кемі алты адамнан сұралады. Жәбірленуші мен куәгерлердің көп болуына байланысты сот отырысы күнде өтіп жатыр. Арасында қорғаныс министрлігінің бұрынғы және бүгінгі лауазымды әскерилері бар.

 Ал қоймадағы жарылыс ісі бойынша алты адам айыпты деп танылған. Оның екеуі қатардағы жауынгер болса, төртеуі – офицер. Біреуі оқ-дәрілер жарылған әскери бөлімнің командирі. Бұлар салғырттық және қару-жарақты сақтауда қауіпсіздік ережелерін ескермеу бабымен жауап беруде.

Екі жыл бұрын Байзақ ауданындағы әскери бөлімде алапат жаралыс болып, 18 адам қаза тапқан. Олар әскерилер мен төтенше жағдайлар қызметкерлері. Тағы 100-ден аса адам жараланған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.