Асхат Аймағамбетов: «Ата-аналар мен оқушылардың наразылығы – уақытша»
Оқу жылы биыл бірінші рет маусымға дейін созылып отыр. 3 жарым миллиондай оқушы ертеңнен бастап жазғы каникулда. Бұл шешімді министр боп тұрғанда қабылдаған Асхат Аймағамбетов мұны ешқандай қате деп санамайды. Мәжіліс депутаты ата-аналар мен оқушылардың наразылығы уақытша деп санайды.
Автор: Әзиза Төленби
31.05.2023
Асхат Аймағамбетов, Мәжіліс депутаты:
- Бұған осыншама шу көтерудің қажеті жоқ. Бұл жерде бірінші мәселе – оқу жоспарын ұйымдастыру. Өйткені көптеген мектептер оқу жылының қашан бітетінін біле тұра, тоқсандық емтихандарды ерте бітіріп тастаған. Оқулық та бітті деген сұрақтар болды. Көрдіңіз бе, бұның бәрі ұйымдастыруға әкеп тіреледі. Мұны министрлік шешу керек.
«Білімге жауаптылар оқу процесін дұрыс ұйымдастырса, мұндай шу болмас еді» - дейді Аймағамбетов. «Онсыз да біздің оқушылар ең көп демалатын балалардың қатарында, балалар онсыз да үш ай жазды демалыста өткізеді» деген депутат оқудың бір аптаға созылғанынан еш сөкеттік көріп тұрған жоқ. Биыл Қазақстандағы оқушылар мектеппен әдеттегідей 25 мамырда қоштасқан жоқ. Бұған ата-аналар да, оқушылар да мәз емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!