{metadescription}
«Елорда жастары» бағдарламасымен өтініш қабылдау басталды
«Елорда жастары» бағдарламасымен өтініш қабылдау басталды

«Елорда жастары» бағдарламасымен өтініш қабылдау басталды

«Елорда жастары» бағдарламасы бойынша өтініш қабылдау басталды. Талабы бұрынғыдай – жасы 35-ке дейінгі мұғалімдер, дәрігерлер, журналистер, мәдениет, спорт, әлеуметтік және коммуналдық қызметкерлер қатыса алады.

Тек жасы 35-тен аспауы тиіс. Бағдарламаны жүзеге асыруға Астана қаласы әкімдігі мен «Отбасы банкі» 3 миллиард теңге бөлген. Бұл қаражат бағдарламаның 200-ге жуық қатысушысына жетеді. Несие мөлшерлемесі 5 пайыз және ең жоғары сомасы 18 миллион теңге болады. Өтініш qatysu.zhilfond.kz сайтында қабылданады. Авторизациядан өту үшін электрондық цифрлық қолтаңба жеткілікті. Үміткерлер балл жүйесімен іріктеледі.

Бекжан Сипат, «Тұрғын үй қоры» КММ қоғаммен байланыс бөлімінің маманы:

- Қатысушы Астана қаласында, кем дегенде, соңғы бір жыл ішінде тұрақты тіркеуде болуы қажет. Әрі жұмыс өтілі бір жылдан кем болмауға тиіс. «Отбасы банкінде» сатып алатын баспана құнының 10 пайызы, яғни 1 млн. 800 мың теңге алғашқы жарнасы бар депозиті болуы керек. Өз атында баспанасы бары бағдарламаға қатыса алмайды. Егер отбасында бірнеше мүгедек бар болса, онда оның әрбіріне балл есептеледі. 60 күннің ішінде пәтер алып үлгермесе, кезектегі баллы төмен адамға мүмкіндік беріледі.

Бірақ сол 18 мыңның өзі қазір аздық етуі мүмкін. Мұны риэлторлар да айтып отыр. Өйткені, 18 миллионға Есілдің тек оң жағалауынан болмаса, орталықтан немесе оған таяу аудандардан табыла қоюы қиын. Жалпы баспананы жаңа салынған және екінші нарықтағы тұрғын үйден де ала беруге рұқсат берілген. Өтініштер 6-шы маусым сағат 23:59-ға дейін қабылданады.

Әсет Жанділдин, риелтор:

- Ол қаражатқа елорданың оң жағалауынан ғана екінші нарықтағы үйді алуға болады. Таңдау көп емес. 10-15 жыл бұрынғы үйлер болғандықтан, минустарына көз жұмуға тура келеді.Ал сол жағалаудағы бір бөлмелі пәтерлер 20 миллионнан басталады. Жалпы жылдық пайыздық мөлшерлеме 5% құрағандықтан, бұл таптырмас мүмкіндік. Тек санаулы адамдарға ғана жететіні өкінішті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде