{metadescription}
Павлодарда төрт жасар бала биік үйден құлап кетті
Павлодарда төрт жасар бала биік үйден құлап кетті

Павлодарда төрт жасар бала биік үйден құлап кетті

Павлодарда төрт жасар бала оныншы қабаттан құлап кетті. Бүлдіршін аман қалғанымен, жағдайы тым ауыр.

Оқыс оқиғадан бұрын бүлдірішін телефонмен ойнап отырыпты. Анасы ас үйде жүрген. Жүрегі жайсыз жайтты сезгендей, балалар бөлмесіне келгенде ұлын таба алмай қалады. Сөйтсе, балақай оныншы қабаттағы терезеден құлап кеткен. Дереу жедел жәрдем шақырып, бүлдіршінді жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Сол жерде ота жасалды.

Қазір дәрігерлер кішкентай науқастың жағдайының тұрақталғанын күтіп отыр. Одан кейін ұзақ мерзімді ем-дом жүргізіледі. Себебі, бүлдіршінге әлі бірнеше операция жасау керек. Бір ажалдан аман қалған балақайдың сүйектері сынып, іш-құрылысына зақым келген. 

Талғат Қасымбеков, нейрохирург:

- Ауруханаға түскен кезде баланың жағдайы тым ауыр болды. Барлық емдомымызды жасадық. Басынан жарақат алған. Ішкі құрылысы, өкпесі жарылған. Жамбасы, аяғы. Қазір жағдайы ауыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.